Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкент тұрғынын өртеп жіберген қаскүнем ұсталды

Шымкент тұрғынын өртеп жіберген қаскүнем ұсталды

Қаскүнем құны 1 100 000 теңгеден асатын алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлап, тұрғын үйді өртеп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласының тұрғынын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.

Бұрын хабарланғандай, осы жылдың 18 маусымында Шымкент қаласында өртенген үйден жергілікті тұрғынның мәйіті табылды.

"2019 жылдың 29 шілдесінде  жедел-іздестіру  іс-шараларын жүргізу  барысында Шымкент қаласы полиция департаментінің  қызметкерлері қала тұрғынын өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қаскүнем ауыр қылмыс жасағаннан кейін құны 1 100 000 теңгеден асатын алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлап, тұрғын үйді өртеп, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Полиция қызметкерлері  қаскүнемнің  ұрланған ақшаға автокөлік сатып алғанын анықтады.

Тағы оқыңыз: Жігіт қалыңдығының үстіне бензин құйып, өртеп жіберді – видео

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіру", 192-бабы "Қарақшылық" және 202-бабы "Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

2019 жылдың 1 тамызында Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты ұсталған азаматқа қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолданды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр