KZNews.kz
Қоғам

Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі жұмысшы қаза болды

Torgyn Abushakhman

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында автомұнара аударылып, екі адам мерт болды. Қазір оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 "ПетроКазахстан Ойл Продактс" ЖШС бұл ақпаратты растады.

"26 тамыз сағат 14:30-да оқшаулау жұмыстарын жүргізу кезінде автомұнара аударылып, салдарынан екі адам қаза тапты. Жұмысты мердігер ұйым  "КРС Астана " ЖШС жүргізіп жатқан. Қайтыс болғандар "КРС Астана" ЖШС жұмысшылары болған. Бұл жайттың себебін жұмыс тобы анықтап жатыр", – делінген серіктестік таратқан хабарламада.

Қазір зауыт қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Еске салсақ, таяуда Степногорск қаласындағы жылу электр орталығында апат болып, бір жұмысшы қаза тапты. Оқыс оқиға Степногорск ЖЭО-дағы монтаж жұмыстары кезінде болған. Апат салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, тағы үш жұмысшы жарақат алды.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары