Қысқа сілтеме алу
"Қазавтожол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі апаттан соң 15 адамның ауруханаға жеткізілгенін айтты
АЛМАТЫ, 24 қараша — Sputnik. Жексенбі, 24 қараша күні Түркістан облысында Алматы - Ташкент – Термез тас жолының 766-шы шақырымында жол апаты болды. Hyundai Accent пен екі Daewoo Nexia көлігі соқтығысқан.
Скрин видео/"Казавтожол"
Алдын ала болжам бойынша көліктің тежегіші істен шыққан
Алдын ала мәліметке сәйкес, Hyundai жүргізушісі Сарыағаш – Шымкент бағытымен жүріп келе жатқан.
"Көліктің тежегіші істен шықты деген болжам жасалып отыр. Салдарынан машина Daewoo Nexia маркалы көліктермен соқтығысты. Hyundai Accent өртенді", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға "Қазавтожол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай.
Daewoo Gentra жүргізушісі көліктермен соқтығыспау үшін жолды бөгеп қойған қоршауға соғылды.
Тағы оқыңыз: Жол опырылып түсті: Алматыда жантүршігерлік апат болды
Жол апаты салдарынан 15 адам зардап шекті. Қаза болғандар жоқ.
sputniknews.kz