Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкент маңындағы бөлімнен қаруланған әскери қызметші қашып кетті

Шымкент маңындағы бөлімнен қаруланған әскери қызметші қашып кетті

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

410 0 0

Қаруды сақтау бөлмесінен бірнеше тапанша мен патрондар ұрланған. Полиция ер адамды іздестіру жұмысы жүріп жатқанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан — Sputnik. Шымкент маңындағы бөлімнен қаруланған әскери қызметші қашып кетті. Полиция ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Шымкент маңындағы әскери бөлімдердің бірінен келісімшартпен қызмет еткен кіші сержант қашып кетті. Қаруды сақтау бөлмесінде бірнеше қару жоғалғаны анықталды", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қорғаныс министрлігі.

Құқық қорғау органдары мен әскери полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысы қолға алынды.

Желіде кезекшінің көмекшісі таңғы 4-те кезекшілік кезінде қару ұрлап, бөлімнен қашып кеткені туралы ақпарат тарап жатыр. Мәтінде "Перехват" жоспары жүргізіліп жатқаны айтылған. 

Тағы оқыңыз: Қоғамдық резонанс туғызды: Талдықорғанда әскери қызметшіні кім өлтіргені белгілі болды

Әскери қызметші отыз АК-74, жиырма жеті 9 мм ПМ (Макаров тапаншасы), АК патроны (420), Макаров тапаншасының патроны - 48, ПМ травматикалық тапаншасын (1, 24 патрон) қолды еткен.


sputniknews.kz
Автор
Данияр