"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкент әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Шымкент әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің тағы бір орынбасары болып Берік Беркімбаев тағайындалды, деп хабарлайды Kznews.kz

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Берік Серікұлы Беркімбаев тағайындалды», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Берік Беркімбаев 1980 жылдың 1 ақпанында бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туған, қазақ, білімі жоғары.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Шеффилд университетін (Ұлыбритания) бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі - құқықтану, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат.

Еңбек жолын 2001 жылы Прокуратура органдарында бастаған.

2010-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Әділет министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.

2023 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі.

2023 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымында қызмет етті.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.