KZNews.kz
Шоу-бизнес

Шығыс Қазақстандағы төтенше оқиға - 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Айбар

Жерасты тау кен өндірісінде өрт шығып, екі жүз адам қауіпсіз жерге шығарылғаны хабарланды. Өндіріс тоқтатылған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Шығыс Қазақстанда Риддер-Сокольный кен орнының жұмысшылары эвакуацияланды, деп хабарлайды өңірлік YK-news.kz басылымы.

"14 сәуір күні жерасты өндірісінде өрт болуы қаупіне байланысты 206 қызметкер қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - деп абарлады Риддердің төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы.

Отты пайдалану ережесінің сақталмауы төтенше оқиғаға  себеп болуы мүмкін екені айтылды. 

Өндірісте жұмыс тоқтатылған жоқ.


sputniknews.kz
Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →