Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шығыс Қазақстанда мемқызметкерлерге үстемақы мен демалыс берілуі мүмкін

Шығыс Қазақстанда мемқызметкерлерге үстемақы мен демалыс берілуі мүмкін
19 Қараша 2018, 10:27 46 0

Фото: vgoroden.ru

Мемлекеттік қызметшілердің жиі жұмыс ауыстыруы жағынан Шығыс Қазақстан облысы республика бойынша көш бастап тұр. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Бұл да арнайы рейд барысында белгілі болған олқылықтың бірі. Жұмыс соңында сағаттап қалып жұмыс істеуден, яғни еңбек тәртібін дұрыс ұйымдастырмаудан облыс орталығы – Өскемен қаласы әкімінің аппараты топ бастап тұр екен. Соның салдарынан кадрлар жиі жұмыс ауыстыруда.

«Өзінің Жолдауында Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік органдар жұмысында формализм мен бюрократизмді барынша азайтуды тапсырып отыр. Бұл іске енді соңғы нүкте қоятын кез келді. Ең алдымен мемлекеттік қызметкер де адам екенін, оның үйі, отбасы барлығын ұмытпауымыз керек», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жанна Қабдолдақызы.

Департамент басшысы мәлімдегендей, мұндай жағдайда қызметкерлер үшін жұмыстың икемді кестесін құру қажет. Әсіресе, мектепте, балабақшада кішкентай балалары бар ата-аналар үшін. Мысалы, артық істелген сағаттарға қосымша ақы немесе демалыс беруді қарастыру керек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Санжар

Журналист