KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолда жарылыс болып, адамдар қаза тапты

• Айбар

Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолда жарылыс болып, адамдар қаза тапты.

"Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән - жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады полиция департаменті.

Бұл "Өскемен-Самар" автожолының 75 шақырымында болды. ШҚО ПД мәліметтері бойынша, ЖКО VOLVO маркалы жүк көлігінің қатысуымен болған.

Жүк көлігімен тасымалданатын заттың жарылуынан көлік құралының жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.

фото: iz.ru 

Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →