Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шухрат Ибрагимов Еуразиялық банктің директорлар кеңесінің төрағасы болды

Шухрат Ибрагимов Еуразиялық банктің директорлар кеңесінің төрағасы болды

Еуразиялық банктің директорлар кеңесінің төрағасы болып Шухрат Ибрагимов тағайындалды, деп хабарлайды Kznews.kz

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) оның кандидатурасын осы лауазымға ресми түрде мақұлдады. Енді Ибрагимов банк стратегиясын айқындап, корпоративтік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға жетекшілік етеді.

- Мен үшін Еуразиялық банктің негізін қалаушылар белгілеген идеяларды дамыту – үлкен мәртебе. Үздіксіздік рухын сақтай отырып, біз банктің нарықтағы позициясын нығайтып, клиенттердің сенімін және акционерлердің капиталын арттыруға ниеттіміз, – деді Шухрат Ибрагимов.

Сонымен қатар, директорлар кеңесінің құрамына жаңа мүшелер – Жанбота Бекенова мен Ерлан Мусин енді.

ИБРАГИМОВ ТУРАЛЫ

Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының ресми басшысы – Шухрат Әлиджанович Ибрагимов. Ол директорлар кеңесінің төрағасы әрі бас атқарушы директор (CEO) қызметін қатар атқарады.

Ибрагимов ERG компаниясында он жылға жуық уақыт еңбек етіп, қарапайым қызметтен бастап басқару құрылымының ең жоғары деңгейіне дейін көтерілді. Ол компанияның стратегиялық жобаларын іске қосуда, соның ішінде Metalkol – әлемдегі ең ірі кобальт өндіру кәсіпорындарының бірін дамытуда маңызды рөл атқарды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.