Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жас жұбайларды тойға апарып, ережені бұзған пилотқа қатысты шара қолданды.
Дүйсенбі, 15 шілде күні қазақстандық БАҚ Falcon Avia ЖШС-нің R-44 тікұшағының видеосын жариялаған болатын.
"Қазақстан республикасының азаматтық авиациясының ұшу ережесінің 423-тармағында қарастырылған нормалар сақталған жоқ. Бұл факті бойынша елді мекенге қонған тікұшақ капитаны А.Матвиенко ұшудан шеттетілді. Сондай-ақ, инспекциялық комиссия "Falcon Avia" жұмысын тексеріп жатыр", - деп жазылған авиациялық комитет хабарламасында.
Бұл компания пилоттарды даярлаумен айналысады.