KZNews.kz
Шоу-бизнес

ШҚО-да жол апатынан 4 адам зардап шекті

KZNEWS

13 қараша күні Өскемен-Зырян тас жолында екі жеңіл автокөлік соқтығысты.

Көлікте жолаушылармен бірге кішкентай  нәресте де болған екен. Оқиға кеше күндіз сағат 10.00 шамасында Восточное ауылының тұсында болған. Басып озуға әрекет жасаған көліктің бірі қарама-қарсы бағыттағы автокөлікке соғылған екен.

Көліктердің бірінде тұтас бір отбасы отырған, арасында кішкентай нәресте де бар.Жол апатының салдарынан әр көліктен екі адам зардап шекті. Қуанышқа орай, нәресте аман.

Дереккөз: Алтайньюс

KZNEWS
Автордың басқа материалдары