Балалар арбасымен автобусқа мінуге болмай ма? Министр ережені қайта қарамақ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Мақтанышпен қарап отыр”: Жанболат Найзабековтың өз киносына анасын әкелген сәті жұрт жүрегін елжіретті

“Мақтанышпен қарап отыр”: Жанболат Найзабековтың өз киносына анасын әкелген сәті жұрт жүрегін елжіретті

Желіде тараған кадрлардан актердің анасын ерекше құрметпен ертіп жүргенін көруге болады.

Қазақстандық актер Жанболат Найзабеков көпшілікке анасын таныстырып, оны өзінің фильмінің көрсетіліміне ертіп барды. Анасы мен баласының бірге түскен әсерлі сәті әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жазылушылары анасы мен ұлының арасындағы жылы қарым-қатынасқа сүйсініп, екеуіне де ақ тілектерін жаудырды. Әсіресе, көпшілік анасының денсаулығына алаңдап, тезірек сауығып кетуін тіледі.

«Анаңыз сауығып кетсін», «Мақтанышпен қарап отыр», «Жүз жасасын», «Денсаулық тілейміз», «Әр қуанышта қасыңда болсын», – деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, актер бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде анасының денсаулығына қатысты жағдайды баяндаған болатын. Сондықтан бұл жолғы кездесуден кейін желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, анасына амандық тіледі.

Өнер иесінің анасын көпшілік алдына ертіп келуі де көпшіліктің жүрегіне жылылық сыйлады. Желі қолданушылары үшін бұл сәт фильмнің көрсетілімінен бөлек, анаға деген құрмет пен перзенттік ықыластың көрінісіне айналды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.