Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ШҚО-да жаңа мұражай салынады - Мәдениет|27 Қараша 2018, 13:40

ШҚО-да жаңа мұражай салынады - Мәдениет|27 Қараша 2018, 13:40
27 Қараша 2018, 13:40 184 0

Астана, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда 2019 жылы археология және заманауи өнер мұражайы құрыла бастайды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Соңғы үш жылда аймақта жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде 19 мыңнан астам құнды жәдігерлер табыған. Осы жәдігерлердің негізінде ШҚО-да Қазақстандағы алғашқы археология және заманауи өнер мұражайы ашылмақ. Жаңа мәдение нысанның ғылыми тұжырымдамасын облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен Семейдегі Невзоровтар отбасының бейнелеу өнері мұражайының қызметкерлері әзірлеп отыр.

Болашақ мұражай ғимаратының жобасы әзір. Оның сәулеттік пішіні төрт сәулелі жұлдыз түрінде жасалған. Бұл Евразия құрлығының ортасын білдіреді.

Жалпы аумағы 15 мың шаршы метрді құрайды. Экспонаттар он экспозициялық және сегіз көрмелік залдарда орналастырылады. Қор қоймасының аумағы – 3300 шаршы метр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Бауыржан