Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ШҚО-да 38 мыңға жуық қызметкердің жалақысы өседі 

ШҚО-да 38 мыңға жуық қызметкердің жалақысы өседі 

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШҚО-да бюджет саласындағы 38 мыңға жуық қызметкердің еңбекақысы өседі.

Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шығыс Қазақстан облысында Елбасы Жолдауын жүзеге асыру барысы мен ағымдағы жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындылары турасында баяндаған өңір әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.

«Ағымдағы жылы өнеркәсіптік өнім көлемі 109,6%, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 3% өсті. Сонымен қатар, құрылыс саласындағы өсім 19% құрады. Бөлшек сауда айналымы да қарқынды ілгері басып келеді», - деді ШҚО басшысы.

Даниал Ахметов Елбасы тапсырмасына сәйкес төменгі жалақы көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

«Бұл бюджет саласында еңбектенетін 38 мыңға жуық азаматқа қатысты болып отыр. Сондай-ақ, облыстағы 16 астам ірі кәсіпорындар да жалақы деңгейін арттыруды қолға алды. Осылайша, біз әлеуметтік саланы дамытуды іске асырып келеміз», - деді Ахметов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Санжар