"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ШҚО әкімі Қытайдың «Ақылды қаласымен» танысты

ШҚО әкімі Қытайдың «Ақылды қаласымен» танысты
26 Қараша 2018, 15:11 184 0

Фото: altaynews.kz

Астана, BAQ.KZ. Облыс әкімі Даниал Ахметов Синьцзян-Ұйғыр автономиясы басшысының алып жүруімен Үрімжі қаласындағы техника-экономикалық дамыту аймағына барды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Кешенде ШҚО басшысына әуелі мобильді аудармашы қосымшасы таныстырылды. Қосымша қытай-ұйғыр, қытай-ағылшын тілдерінде аударма жасайды екен. Келер жылы бұған қазақ тілі қосылмақ. Осылайша серіктестер арасындағы қарым-қатынас жеңілдей түспек.

Бұдан бөлек 12 сағат бойы тоқтаусыз ұшып жүріп жұмыс істейтін GPS бағдарламасы көрсетілді. Көбіне ауыл шаруашылығында қолданылатын аспап тез ақпарат жинап, дәлме-дәл электронды карта жасауға мүмкіндік береді.

Мәлім болғандай, бұл кешеннің жұмысы 2015 жылы басталған екен. Міндеті – халықты бағдарламалар арқылы жан жақты қамтамасыз ету. Электроника мен мен автомобиль өндірісін жандандыру. Сондай-ақ жоғары технологиялық өндіріске инвестиция тарту.

Кешенге 2017 жылғы есеп бойынша, салықтан 1 миллиард 367 миллион юань түсім түсіпті. Жалпы есепте техника-экономикалық жетілдіруші аймақ Синьцзян-Ұйғыр автономиясына 12 миллиард юань пайда келтірген.

Даниал Ахметов сапар барысында өзіне осы елдегі Smart City бағдарламасы ұнағандығын атап өтті.

«Біз бүгінде «Ақылды қала» жобасымен айналысып жатырмыз. Осыған қатысты сіздерде не бар екенін көргіміз келеді», - деді ол.

Жол бастаушы алдағы уақытта осы мәселеге байланысты Үрімжінің жауапты орынына апаруға уәде етті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Бауыржан