Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шерзат Полаттың әпкесі Бақыт Реймова депортацияланбай Қазақстанда қалатын болды

Шерзат Полаттың әпкесі Бақыт Реймова депортацияланбай Қазақстанда қалатын болды

Желіде адвокат Мейірман Шекеев пен блогер Жан Ахмадиев Шерзат Полаттың әпкесі Бақыт Реймованы депортацияламай елде қалатынын мәлімдеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Алматы облысының прокуратурасы Бас прокуратураның келісімімен Жоғарғы сотқа Бақыт Реймованы депортацияламай, жазасын басқа жолмен өтеу туралы өтініш жолдаған. Енді оның елде қалу мәселесін Жоғарғы сот шешеді.

Бақыт Реймова елден шығарылса, оның кәмелетке толмаған ұлы Мейірбек Реймов асыраушысыз жалғыз қалады. Сол үшін жеткіншек анасынан айырмауды сұрап, президентке үндеу жасаған болатын.

Адвокат Мейірман Шекеев БҰҰ-ның бала құқығы туралы конвенциясына сай бала мен ананы ажыратуға болмайтынын еске салды. 1989 жылы қабылданған бұл талапты сақтауға Қазақстан да міндетті.

Бақыт Реймова Талғарда кісі қолынан қаза болған Шерзат Полаттың әпкесі. Ол бауыры Нұрғанаттың қазасынан кейін  елді митингке шақырды деген айыппен 15 тәулікке қамалған еді. Сондай-ақ, басқа елдің азаматы болғаны үшін сот оны Қазақстаннан депортациялау жөнінде шешім шығарды.

Автор
Айбар

Журналист