Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шерзат Полатты өлтіргендердің туған күн тойлап жүруіне қатысты тағы тың дерек шықты

Шерзат Полатты өлтіргендердің туған күн тойлап жүруіне қатысты тағы тың дерек шықты

Шерзат Болаттың өліміне күдіктілердің түрмеде туған күн тойлағаны туралы видеоға қатысты Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы изоляторда тексеру жүргізілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Видеоны бұрынғы уақытша ұстау изоляторы қызметкерінің жеке телефонына түсіргені анықталды. Ол тәртіптік ережелерді өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босатылып, арнайы атағынан айырылды. Сонымен қатар, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны және тиісті бақылау жүргізбегені үшін 16басшы мен қызметкер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде ҰҰИ бастығы да қызметінен босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Осыдан кейін УҰИ-дегі режимдік талаптарды сақтау бойынша бақылау күшейтілді. Қосымша бейнемониторинг шаралары енгізіліп, еліміздегі осындай мекемелерде жоспардан тыс тексерулер басталды.

Автор
Данияр