Танымал

Екі адам қаза тапты: Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатына ұшырады

Екі адам қаза тапты: Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатына ұшырады
Коллаж: KzNews

UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатына ұшырады

27 шілде күні таңертең UFC октагонында ел намысын қорғап жүрген Шавкат Рахмоновтың жары Гүлайым Рахмонова Жамбыл облысында болған ірі жол апатына түсті, деп хабарлайды KzNews тілшісі HALYQSTAN арнасына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Мойынқұм ауданы аумағында, Алматы – Екатеринбург бағытындағы трассаның 296-шақырымында, Ақсүйек ауылы маңында орын алған.

Гүлайым Рахмонова, ұлы және құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға бет алып келе жатқан. Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген әйел алдын ала мәлімет бойынша рульге ие бола алмай қалып, көлік аударылып кеткен.

Оқиға орнында 39 жастағы жолаушы көз жұмса, 35 жастағы тағы бір әйел Мойынқұм аудандық ауруханаға барар жолда қайтыс болды.

Гүлайым Рахмонова мен 2022 жылы туған ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізіліп, травматология бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

«Операция қажет емес. Науқастардың жағдайы бақылауда», – деді аурухана өкілдері.

Полиция жол қозғалысы ережесін бұзып, екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне орай жарияланбай отыр.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz