Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтуі мүмкін екені белгілі болды

Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтуі мүмкін екені белгілі болды

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы ағылшын файтері Леон Эдвардс (22-3) алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Sports.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

“Сәуір айында Лас-Вегастағы UFC 300 турнирінде белбеуімді қайта қорғаймын, сосын жазда Бирмингемдегі “Вилла Паркте”, өз жерімде жекпе-жек өткіземін деп жоспарлап отырмын. Мен UFC-мен келіссөздер жүргізіп жатырмын, сондықтан бұл қолымыздан келеді де ойлаймын”, – дейді Леон Эдвардс.

Еске сала кетейік, титулдық жекпе-жекке басты үміткерлердің бірі қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (18-0). Алайда көптеген шетелдік сарапшылар UFC әуелі америкалық файтер Белал Мухаммадқа (23-3) мүмкіндік беретінін айтады.

Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың табысы туралы сұраған журналист файтердің ашуына тиген болатын.

Автор
Данияр