KZNews.kz
Танымал

Шавкат Рахмоновтың бапкері оның қазіргі жағдайы туралы айтты

Айжан Сыланова

Журналистердің 2025 жылдың соңына дейін октагонға шығу мүмкіндігі туралы сұрағына Базров нақты жауап бере алмады.

— Шавкатқа қатысты қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Бір ғана айтарым – ол жаттығып жүр. Әрине, жағдай өте ауыр… Психологиялық тұрғыда жұмысқа көңіл бөлу қиын. Бірақ Шавкат – мінезді жігіт, – деді ол.

Бапкердің сөзінше, Рахмонов қолынан келгенінше жаттығуға қатысып жүр.

— Алда не боларын болжап айта алмаймын. Мұндай жағдайда әр адам әр түрлі әрекет етеді. Қазіргі бар жағдайды ғана айтып отырмын – ол жаттығып жүр. Ал ары қарай не боларын бір Алла ғана біледі, – деп түйіндеді Базров.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →