Түйені түгімен жұтқандар: Салықтан жалтарудың жаһандық қасіреті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шавкат Рахмоновтың жары ажырасқанын айтып, балаларына қатысты жазба жариялады

Шавкат Рахмоновтың жары ажырасқанын айтып, балаларына қатысты жазба жариялады
Фото: Ашық дереккөзі

Танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасы жағдайына қатысты жазба жариялап, жұртты елең еткізді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Оның айтуынша, ол спортшымен ажырасқан. Сонымен бірге Гүлайым Рахмонова жазбасында балаларға қатысты ауыр сөздер айтылғанын жеткізген.

"Балалар ажырасқаннан кейін анасына ғана керек. Бүгін ол бәрібір аналарына ұқсап кетеді деп өз балаларынан бас тартты... Соншалықты қамқор әкенің бір күннің ішінде өзгеріп балаларын керек етпей қалады деп ешқашан ойламаған едім. Иә, мен 4 бала дүниеге әкелдім және бесіншісін күтіп отырмын. Қызығы мен өте көп туады екенмін. Не деймін? Әкесіне баласы керек болмаса балаға да әкесі енді керек емес! Маған Алла балаларымды аяққа тұрғызу үшін күш-қуат берсін", - деп жазды ол.

Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік түрлі пікір білдіріп жатыр. Әзірге Шавкат Рахмоновтың өзі бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Гүлайым Рахмонова адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына байланысты да қоғам назарында болған еді.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер