ка

Шавкат Рахмонов АҚШ-тағы турнирде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды (видео)

17.12.2023 12:28
0
8

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) мерзімінен бұрын жеңді және UFC-де 6-жекпе-жекте жеңімпаз атанды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінің баcты жекпе-жегі 3 раундқа есептелді, бірақ ол 2-айналымда аяқталды. Жекпе-жектің алғашқы минуттарында Рахмонов клинч ұпайын жинады. Екінші раундта Шавкат қылқындыратын тәсілмен жеңіске жетті. Томпсонмен жекпе-жекке дейін қазақстандық алғашқы 5 жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Од жартылай орта дивизионның үздік бестігіне көтерілді. Шавкат Рахмонов – Стивен Томпсонды қылқындыратын тәсілмен ұтқан бірінші адам.
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий