KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

"Шатунов өлгелі осы баланың бағы жанды": Қайрат Әділгерей тағы да сынның астында қалды

• Данияр

Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей еліміздегі тойлардың бірінде орынсыз қалжыңдаймын деп сынның астында қалды.

Қайрат Әділгерей өзі жүргізген тойда әнші Ұланғасыр Қамиды ортаға шақырып жатып: "Шатунов өлгелі осы баланың бағы жанды. Қарсы алыңыздар Ұланғасыр Қамиев - Қызыл Раушан", - деді.

Бұл сөзі тойдағы қауымның біразына жақпай қалғанын байқауға болады.

Желі оқырмандары: "Аузым бар деп оттай береді екен", "Осының-ақ жүрген жерінен шөп шықпайды екен", "Масқара", "Бір күні плотно оңбайды", "Орынсыз қалжыңдасады", "Жағымсыз әзілдейді", "Бір күні оңбай таяқ жейді ғой", - деп пікір қалдырды.

Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →