ка

Шаңбай Қасенұлы | өмірбаяны

27.03.2019 22:18
0
2

Шаңбай Қасенұлы Тұрдығұл 1959 жылы ҚХР Шоғантоғай ауылында туған. Әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты (1993). 

Семей педагогикалық институтын бітірген (1984). 1984-1990 жылдары Алматы қаласында мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 

1988-1990 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер. 

1994-2003 жылдары "Қазақ энциклопедиясының" әдебиеттану, өнер және тіл білімі редакциясының меңгерушісі болды. Қазір «Шәкәрімтану» орталығының директоры, Семей мемлекеттік педагогика институты қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми-зерттеу еңбектері, негізінен, әдебиет теориясы проблемаларына және Шәкәрім, А. Байтұрсынов, Мүхтар Әуезов шығармашылығына арналған. 

Соңғы жылдары Шәкәрім шығармашылығына қатысты жинақтарды құрастырып, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын кешенді түрде зерттеуге атсалысуда.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий