KZNews.kz
Шоу-бизнес

Серік Ибрагимовтың үшінші перзенті дүниеге келді

KZNEWS

Әнші Серік Ибрагимов жақында жұбайымен бірге үшінші сәбидің жынысын білу мақсатында гендер-пати өткізген болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында көпшіліктен сүйінші сұрап, ұлды болғанын айтты, деп жазады Kznews.kzKaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

“Аллаға сансыз шүкір. Менің үшінші балам дүниеге келді. Баршаңызға жұғысты болсын! Қабырғам, сен батырсың! Ұлды болдым. Баланың атын кім деп қоямыз енді? Біз әлі ойланбадық", - деп жазды әнші.

Ал желі қооданушылары әншінің отбасылық қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды. "Бауы берік болсын", "Құттықтаймын", "Ғұмырлы болсын", - деп жазды желідегілер.

Видеодан кадр: instagram.com/ibragimovserik

KZNEWS
Автордың басқа материалдары