«Сергек» – құрал ғана: «Әділет» партиясы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Сергек» – құрал ғана: «Әділет» партиясы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға шақырды

«Сергек» – құрал ғана: «Әділет» партиясы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға шақырды
Фото: "Әділет" партиясының баспасөз қызметі

Тәртіп сақтау дегеніміз – камера мен айыппұлдың саны емес. Мәселе уақыт өте келе адамның заңды сақтау үшін камера қажет болмайтын деңгейге жетуінде, осыған ұмтылу керек. «Әділет» партиясының кандидаттары Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев Jibek Joly телеарнасында өткен алғашқы командалық телевизиялық дебатқа қатысып, осындай ой айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Теледебат кезінде сұрақ қойған көрерменнің бірі Айжан Аймағановадан «жолдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін «Сергек» бейнебақылау жүйесі мен айыппұлдардың рөлі қандай?» деп сұрады.

Бұл сұраққа жауап берген Аймағанова «Сергек» пен айыппұлдар заң мен тәртіпті қамтамасыз ете алмайды, олар тек соған қажетті құралдар ғана дейді.

«Мемлекет басшысының «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» дегені бар. Біз әртүрлі тілде сөйлеп, түрлі көзқарас пен ұстанымда болуымыз мүмкін. Бірақ бұлардан жоғары тұруға тиіс құндылықтар бар: ол – біздің еліміз, оның тәуелсіздігі, қауіпсіздігі мен балаларымыздың болашағы», – дейді ол.

Оның жауабына қарағанда, Конституция мен заңдарды сақтау – бізді біріктіреді және бәрімізді тең етеді.

«Біз камераны көбіне жазалау құралы ретінде қабылдаймыз. Ұсталдың екен, онда айыппұл төлейсің. Бірақ оның ар жағында, ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігі тұр. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының 90 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болады. Ал әрбір жол апатының артында құрғақ статистика емес, біреудің өмірі, денсаулығы мен отбасы тұр», – деп атап өтті Аймағанова.

Заңды сақтайтын адам айыппұлдан қорыққандықтан емес, басқаларға деген құрмет пен өз ісіңе жауапкершілік сезіну үшін заң ұстанатын құқықтық мәдениетке жету қажет. «Әділет» партиясының өкілінің пайымынша, кез келген бақылау жүйесінің негізгі нәтижесі хаттамалар санының артуы емес, азаматтардың мінез-құлқының өзгеруі болуға тиіс. Оның айтуынша, уақыт өте келе адамға ережені сақтау үшін камера мүлде қажет болмайтын жағдайға жетуіміз керек. Сайып келгенде, қорқыныштан емес, құрмет пен жауапкершілік үшін тәртіп сақтайтын құқықтық мәдениет қалыптастыру қажет. Аймағанова «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізі осы екенін тағы да бір атап өтті.

Айта кетейік, осымен үшінші рет өтіп жатқан теледебатқа 7 партия атынан екі өкілден шыққан. Олар екі тілде сөз сайысқа түсті.

Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.