«Әділет» партиясы ауыл мен қаладағы білім сапасын теңестіруді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Әділет» партиясы ауыл мен қаладағы білім сапасын теңестіруді ұсынды

«Әділет» партиясы ауыл мен қаладағы білім сапасын теңестіруді ұсынды
Фото: «Әділет» партиясы баспасөз қызметі

«Әділет» партиясы ауыл мен қаладағы білім сапасының алшақтығын азайтып, ауыл мектептерін дамытуға басымдық беруді ұсынды. Бұл туралы «Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Солтүстік Қазақстан облысындағы педагогтермен өткен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды kznews.kz.

Штаб өкілдерінің СҚО-дағы кездесулері Оқушылар сарайындағы «Digital Urpaq» алаңында дәл осы ұстаздар қауымынан кездесуден басталды. Оның барысында кадр даярлау, білім беру ісін цифрландыру және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсету сынды негізгі тақырыптар қозғалды. 

Құрылтай депутаттығына кандидат Шолпан Каринованың айтуынша, мектеп ғимараттарының жағдайын жақсартумен шектелмей, елдегі білім сапасын да теңестіру қажет.

«Әділет» партиясы білім беру жүйесінің барлық деңгейінде академиялық адалдық қағидатын енгізуді қолдайды. Біз ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттырып, инженерлік, IT және гуманитарлық бағыттағы мектептерді дамытамыз. Бала құқығын қорғау және инклюзивті білім беруді дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда тек инфрақұрылым ғана емес, педагог кадрларды даярлау, отбасыларды сүйемелдеу және одан әрі кәсіби білім алу мүмкіндіктерін кеңейту маңызды», – деді Шолпан Каринова.

Осы бағытта партия ауыл мектептерін күшейтуді, инженерлік және IT бағытындағы мектептерді дамытуды, қазақ және ағылшын тілдерін оқыту сапасын жетілдіруді көздеп отыр.

Кадр даярлау мәселесі Киров атындағы зауытта да жалғасын тапты. Кандидаттар өндірісті жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және кәсіпорындардың қажеттілігін ескере отырып маман даярлау мәселелерін талқылап, өз ойларын айтты.

Кандидат Ерлан Саировтың сөзіне сенсек, партия студенттердің практикалық даярлығын тікелей өндіріс орындарында кеңейтуді ұсынып отыр. Бағдарламаның негізгі бағдарларының бірі – 2031 жылға қарай студенттердің кемінде 45 пайызы колледждерде ғана емес, кәсіпорындар базасында да білім алатын жағдай жасау.

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы – «Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы барған 18-ші өңір. Кандидаттар облыс аумағындағы Қызылжар, Мамлют, Шал ақын және Мағжан Жұмабаев аудандарында да бірқатар кездесу өткізді. 

Дайындаған: 

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.