Алматы облысында «Әділет» партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттары «Galanz Bottlers» АҚ ұжымымен кездесіп, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, еңбек жағдайлары және қызметкерлерді қолдау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kznews.kz.
Жиында сөз алған партия төрағасы Айбек Дәдебай ұжымға қамқорлық жасау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және лайықты жалақы төлеу Қазақстан кәсіпорындары үшін қалыпты стандартқа айналуы тиіс екенін атап өтті.Осылайша Алматы облысы Республикалық сайлауалды штабының ел бойынша сапары аясында барған 15-ші өңірі болып отыр.

Шынайы әлеуметтік жауапкершілік: қызметкерлерге 150 пәтер берілді
Кездесуде бизнестің қызметкерлерді қолдауы негізгі тақырыптардың бірі болды. Кандидаттар компанияның құрылтайшысы, белсенді азаматтық және әлеуметтік ұстанымы үшін биыл «Парасат» орденімен марапатталған Тұрсынғали Алагөзовтың бастамасын мысал ретінде атап өтті.
Соңғы екі жылда «Galanz Bottlers» компаниясының 150 қызметкері – қарапайым персоналдан бастап желілік мамандарға дейін тегін баспанамен қамтылған. Былтыржұмысшыларға 100 пәтер берілсе, биыл Шымкент қаласында тағы 50 қызметкер пәтер алды.
«Осындай қамқорлығы үшін Тұрсынғали Тұрымұлына шынайы алғысымызды білдіреміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәл осындай әлеуметтік жауапкершілік туралы үнемі айтып келеді. Егер ірі кәсіпкер болсаңыз, қоластыңызда еңбек ететін адамдарға қолдау көрсетіп, қауіпсіз еңбек жағдайын жасап, лайықты жалақы төлеп, олардың тіршілік мәселелерін шешуге көмектесуіңіз керек. Мемлекет басшысының өзі жас ғалымдарға, медицина қызметкерлеріне, спортшыларға, журналистерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және басқа да мамандарға мыңдаған пәтер бөліп, осы бағытта үлгі көрсетіп отыр. «Galanz Bottlers» тәжірибесі отандық бизнестің бұл бастаманы қолдауға дайын екенін көрсетеді», – деді Айбек Дәдебай.

Партия еңбек адамын қолдау мен тұрақты дамуға қатысты не ұсынады?
Кездесуде «Әділет» партиясының өкілдері қызметкерлерді қолдауға және әлеуметтік жауапты бизнесті дамытуға бағытталған партия ұсыныстарын таныстырды. Атап айтқанда, партия кәсіпорындарда әлеуметтік қолдау бағдарламалары мен ESG қағидаттарын кеңінен енгізуді қолдайды.
Кәсіпкерлермен тікелей диалог орнату үшін партия жанынан Кәсіпкерлер кеңесі құрылған. Бизнестің ұсыныстары мен еңбек адамдарының сұраныстары «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын әзірлеу кезінде де ескерілді. Бағдарламаның негізгі басымдықтарының бірі – еңбек адамы, оның қадір-қасиеті мен әл-ауқаты.
«Біз компания басшылығының бастамасын қолдаймыз және бүкіл қазақстандық бизнесті өз қызметкерлеріне инвестиция салуға шақырамыз. «Әділет» партиясы әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорындарды әрдайым қорғап, қолдайтын болады. 23 тамызда барша азаматты сайлау учаскелеріне барып, әділетті болашақ үшін дауыс беруге шақырамыз!» – деп атап өтті «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар.

Еңбек ұжымы партия бастамаларын қолдайды
Партияның ұсыныстарын кәсіпорын қызметкерлері де қолдады. Жұмысшылардың айтуынша, бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған бастамалар еңбек ұжымдарының мүддесіне сай келеді.
«Біз «Әділет» партиясының бизнесті дамыту, жұмыс орындарын құру және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі мақсаттарымен танысып, оларды толық қолдаймыз. Бұл бастамалар ұжымымызға өте жақын. Алдағы уақытта да Қазақстанның отандық бизнесін бірге дамытамыз деп үміттенемін. Барша азаматты 23 тамызда сайлауға келіп, «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырамын», – деді «Galanz Bottlers» АҚ-дағы цех басшысы Марина Скрыпникова.
Іле ауданында кандидаттар «БЕНТ» фирмасы» ЖШС ұжымымен де кездесті. Кәсіпорында отандық өндірісті кеңейту, жергілікті инфрақұрылым мәселелері және ESG стандарттарын енгізу мәселелері талқыланды.
Кездесулер қорытындысы бойынша «Әділет» партиясының сайлауалды штабының өкілдері өнеркәсіпті дамыту еңбеккерлердің жағдайын жақсартумен қатар жүруі тиіс екенін атап өтті. Оның ішінде лайықты жалақы, қауіпсіз еңбек жағдайлары және әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейту кіреді.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.