«Әділет» партиясы Павлодарда өндіріс пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Әділет» партиясы Павлодарда өндіріс пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

«Әділет» партиясы Павлодарда өндіріс пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

«Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Павлодар облысында әртүрлі сала өкілдерімен кездесті. Екібастұз бен Павлодарда өткен басқосуларда өндірісті жаңғырту, энергетика, еңбек қауіпсіздігі, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы және цифрландыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алғашқы кездесу Екібастұздағы «Богатырь-Көмір» кәсіпорнының еңбек ұжымымен өтті. Жұмысшылармен өндірісті жаңғырту, еңбек жағдайы мен әлеуметтік кепілдіктер мәселелері көтерілді. Осы ретте партия өкілдері еңбек қатынастарына цифрлық мониторинг енгізу жоспарланғанын айтты.

Энергетика саласының өкілдерімен кездесуде осы бағыттағы инфрақұрылымды жаңғырту, заманауи технологияларды енгізу және кадр даярлау мәселелері талқыланды. Кандидат Рауан Кенжеханұлы партияның «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасы Мемлекет басшысының реформаларын жалғастыруға бағытталғанын атап өтті. Бағдарламада алдағы бес жылға арналған жеті негізгі мақсат белгіленіп, соның бірі ретінде 1 миллион жаңа сапалы жұмыс орнын құру көзделген.

«Бес жылдан кейін осы мақсаттар бойынша партия да, оның әрбір мүшесі де сайлаушылар алдында есеп беруге дайын. Бұл – жай ұран емес, нақты міндеттер. Мәселен, алдағы 5 жылда 1 миллион жаңа сапалы жұмыс орны ашылады. Бұл – әлеуметтік кепілдіктері мен зейнетақы төлемдері қамтамасыз етілген толыққанды жұмыс орындары», – деді Рауан Кенжеханұлы.

Құрылтай депутаттығына кандидат Бағдат Мусин Екібастұздың көмір-энергетикалық әлеуетін цифрлық экономиканы дамытуға пайдаланудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың дамуы электр энергиясына сұранысты арттырады. 

«Екібастұз қаласында Data Center деректерді өңдеу орталықтары алқабы салынады. Осылайша біз енді жай ғана көмір мен электр қуатын ғана емес, цифрлық сервистер мен жасанды интеллектіні экспорттаймыз», - деді ол. 

Павлодар мұнай-химия зауытындағы кездесуде шикізатты терең өңдеу мәселесі сөз болды. Кандидат Нұрбек Матжани мұнайды дайын өнімге дейін өңдеу арқылы қосылған құнды арттыру қажеттігін айтты. Партия бағдарламасында мұнай өңдеу тереңдігін қазіргі шамамен 89 пайыздан 94 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылған.

«Қазақстан Алюминийі» АҚ еңбек ұжымымен кездесуде өндірісті жаңғырту, еңбек қауіпсіздігі, кадр даярлау және әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды. Партия 2031 жылға қарай өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен қамтылған жұмыскерлердің үлесін 90 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.

Әлеуметтік бағыт бойынша сөз сөйлеген кандидат Динара Зәкиева партия бағдарламасында балабақша кезегіндегі балаларды қамту үшін 79 мың орын ашу және 300 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салу көзделгенін айтты.

Штаб өкілдері Черноярка елді мекенінде ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесіп, фермерлерді қолдау, азық-түлік қауіпсіздігі және ауылдарды дамыту мәселелерін талқылады. 

Бұған қоса, еліміздегі 20 жоғары оқу орнының базасында зерттеу инфрақұрылымы мен технология трансфері қызметін атқаратын академиялық артықшылық орталықтарын құру жұмысы аяқталады.

Дайындаған: 

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.