KZNews.kz
Жаңалықтар

"Шенділердің баласы әскерге барса, мұндай былық болмайтын еді" – Ринат Зайыт өткір мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Ринат Зайыт

Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары көтерген шағымдар төңірегінде Мәжіліс депутаты Ринат Заитов өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Заитовтың айтуынша, бұл мәселеге алдымен Қорғаныс министрлігі тікелей жауап беруі тиіс еді. Алайда министр тарапынан дер кезінде түсініктеме болмағандықтан, жағдайға Президенттің араласуына тура келген.

"Министр шығып, халыққа есеп беруі керек еді. Оның үндемей қалуы Президентке дейін жеткізді. Мен бұған дейін Қорғаныс министрлігіне жоғары лауазымды тұлғалардың баласын да әскерге міндеттеу жөнінде ұсыныс жасағанмын. Егер сондай талап қойылса, әскердегі көптеген мәселе өздігінен реттелер еді деп ойлаймын. Министр де, орынбасарлары да казармада жүрсе, мұндай былық болмас еді", – деді Ринат Заитов.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары