"АвтоЦОНдағы" жемқорлық: мемлекеттік корпорацияның мұнысы несі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Мемлекеттік тілмен еш тіл тең емес, қатар ғана": Ринат Зайыт Конституциядағы даулы өзгеріске пікір білдірді

"Мемлекеттік тілмен еш тіл тең емес, қатар ғана": Ринат Зайыт Конституциядағы даулы өзгеріске пікір білдірді
parlam.kz. Суретте: Ринат Зайыт

Мәжіліс депутаты, ұлттық мәселелерде ұстанымын ашық білдіріп жүрген ақын Ринат Зайыт Конституцияның жаңа нұсқасында мемлекеттік тілге қатысты енгізілген өзгеріске байланысты өз көзқарасын ортаға салды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутаттың айтуынша, қоғам Ата заңның 9-бабының екінші тармағын қызу талқылап жатқанда, тіл жанашырларын айыптап, бірін-бірі жазғырып отырған сәтте Мәжіліс пен Ақорда қабырғасында көзге көрінбейтін, бірақ маңызды жұмыстар атқарылған.

"Міне, сол тісін көрсеткеннен ісін көрсетуді жөн санайтын азаматтар комиссияға бірнеше нұсқада өз өтініштерін беріп, сол 9-шы баптың екінші тармағының өзгеруіне қол жеткізді! Енді жаңа нұсқадағы мәтінде орыс тілі тең емес, қатар қолданылады. Түсінген адамға аз жеңіс емес. Шүкір! Ең бастысы, осы жетістікті жеңіске айналдыру үшін бізге салқынқандылық өте қажет. Жетістік желігуді жек көреді. Ал біз әлі көп жетістікке жетуге міндеттіміз!" – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.

Жазбасын түйіндей келе, Ринат Зайыт ойына мысал ретінде Наполеон Бонапарт туралы белгілі әңгімені келтірген. Онда бойы аласа Наполеонға бір офицер өзін биігірек екенін айтып қалжыңдағанда, қолбасшының "сен биік емессің, ұзынсың" деп жауап бергені айтылады.

"Ендеше мемлекеттік тілмен еш тіл тең емес, қатар ғана", – деп түйіндеді Зайыт тілге қатысты ойын.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер