Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Сенде Құдайдан берілген дарын бар»: Айнұр Тұрсынбаева Асанәлі Әшімовті еске алды

«Сенде Құдайдан берілген дарын бар»: Айнұр Тұрсынбаева Асанәлі Әшімовті еске алды

Ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева актер Асанәлі Әшімовтің қазасына байланысты жүрекжарды естелігімен бөлісті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Айтыскердің айтуынша, Асанәлі Әшімов айтыс өнерінде оны үнемі қолдап, демеу болған.

«Айтыста мені қорғап, жанашырлық танытатын. Бір жолы сахна сыртында мұңайып тұрғанымда маңдайымнан сүйіп, “сағыңды сындырма, сенде Құдайдан берілген дарын бар” дегені әлі есімде», — деп жазды ол.

Айнұр Тұрсынбаева актердің бірнеше айтыста әділдік үшін араша түсіп, оны рухтандырған сәттерін де еске алды.

Желі қолданушылары марқұмның қазасына байланысты көңіл айтып, жылы пікірлер қалдырды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.