KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Сенбей тұрмын… Айтатын кез келді": Мөлдір Мұқан ел естімеген сүйінші жаңалығын хабарлады (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға дайындалып жатырмын… Әлі өзім де сенбей тұрмын. Өмірде талай рөлде болдым: ана, жар, кәсіпкер. Енді өнеріммен қайта бөлісетін шақ туды. Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін ең қымбат. Қайрат Нұртас пен Мөлдір Мұқанның дуэті қандай болады деп ойлайсыздар? Қай жанрда естігілеріңіз келеді – махаббат туралы ма, әлде өмір жайлы ма? Жүректен шыққан ән жүрекке жетсін. Күтесіздер ме?" – деп жазды Мөлдір.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары