Шоу-бизнес

Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығын бөлісіп, халықтан сүйінші сұрады (ВИДЕО)

Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығын бөлісіп, халықтан сүйінші сұрады (ВИДЕО)
әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа қуанышын жариялап, тыңдармандарынан сүйінші сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі жас орындаушымен бірге жаңа ән жазып шыққанын айтып, оның үзіндісін желіге жүктеді.

"Қолдау көрсетіп жатқан баршаңызға рақмет. Жаңа әніміздің тағы бір нұсқасын бөліскім келді. Сіздерді жақсы көремін, алтын оқырмандарым, туысымдай болып кеттіңіздер", – деді Мөлдір Мұқан.

Желі қолданушылары жаңа туындыға жылы пікірлер білдіріп, қолдау көрсетуде. Комментарийлер арасында:

"Nұрсынбек бармағын шайнасын. Түрің бар, бала-шағаң бар, жұмысың бар. Енді мүсініңді ретке келтіріп, әйелдік энергияңды көтерші. Біз сені қолдаймыз", "Әндеріңіз супер", "Мөлдір Тұрсынбекті жоғалтқан жоқ, керісінше Тұрсынбек Мөлдірді жоғалтты. Мөлдір енді әр еркектің арманы болатын болды", "Мөлдір, сұлусың. Міне, осылай болуы керек", – деп жазды желі қолданушылары.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz