Рейтинг қуу заманы артта қалды: Әкімдер мен министрлерді бағалаудың жаңа жүйесі несімен тиімді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сенат үш жылдық бюджет туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Сенат үш жылдық бюджет туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды
26 Қараша 2018, 18:20
240
0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Сенаты «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасын Мәжіліске қайтарды.

Бүгін Сенат депутаттары пленарлық отырыста «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасын қарап, оны Мәжіліске қайтарды. Депутаттар құжатқа бірқатар өзгеріс енгізді. Өзгерістердің енгізілуінің бір себебі - сарапшылардың мұнай бағасының арзандауына байланысты түсімдер 137,7 млрд теңгеге азаяды деген болжамы.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев заң жобасына енгізілетін өзгерістің бәрі биылғы жылдың соңына дейін қабылданып, іске асатынына сенім білдірді.

Биыл 31-ші қазанда Мәжіліс алдағы үш жылға арналған бюджетті мақұлдаған болатын. Ал Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2019 жылы бюджеттің 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталатынын айтқан еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Бауыржан