Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова өнер жолының алғашқы кезеңінде өзі тап болған әділетсіздікті еске алып, әлеуметтік желіде жазба жариялады. Әнші 1983 жылы Мәскеуде өтетін байқаудың финалына жолдама алғанымен, соңғы сәтте оның орнына басқа адамның барғанын айтт, деп хабарлайды kznews.kz.
«1983-ші жылдан естелік, финалға Москваға өтіп тұрып, орныма мүлдем қатыспаған біреудің кеткені, маған сол кездегі Мәдениет министрлігінен сен бармайтын болдың финалға дегені еске түсті», – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Әншінің бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Көпшілік өнер иесіне қолдау білдіріп, оның шығармашылық жолына сәттілік тілеген. Желі қолданушылары пікірлерінде әншінің еңбегін жоғары бағалап, өткендегі әділетсіздікке қарамастан өнерде өз орнын қалыптастырғанын атап өтті.