Жетісуда төртем дүниеге келген отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Сен бармайтын болдың”. Мақпал Жүнісова шенділердің шикі әрекетін жайып салды

“Сен бармайтын болдың”. Мақпал Жүнісова шенділердің шикі әрекетін жайып салды

Өнер иесі өткен күндерді еске алып, сол кездегі жағдайдың өзіне ауыр тигенін жеткізді. Оның айтуынша, финалға қатысу мүмкіндігі бола тұра, белгісіз себептермен бұл құқықтан айырылған.

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова өнер жолының алғашқы кезеңінде өзі тап болған әділетсіздікті еске алып, әлеуметтік желіде жазба жариялады. Әнші 1983 жылы Мәскеуде өтетін байқаудың финалына жолдама алғанымен, соңғы сәтте оның орнына басқа адамның барғанын айтт, деп хабарлайды kznews.kz.

«1983-ші жылдан естелік, финалға Москваға өтіп тұрып, орныма мүлдем қатыспаған біреудің кеткені, маған сол кездегі Мәдениет министрлігінен сен бармайтын болдың финалға дегені еске түсті», – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Әншінің бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Көпшілік өнер иесіне қолдау білдіріп, оның шығармашылық жолына сәттілік тілеген. Желі қолданушылары пікірлерінде әншінің еңбегін жоғары бағалап, өткендегі әділетсіздікке қарамастан өнерде өз орнын қалыптастырғанын атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.