Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Семен Анисимов | өмірбаяны

Семен Анисимов |  өмірбаяны

Семен Анисимов  (1911–1970) Шығыс Қазақстан облысындағы Предгорное селосында туған. 

Өскемен, Семей педагогикалық техникумдарында, Ленинград Журналистика институтында оқыған.

1931–1933 жж. Семей облыстық «Прииртышская правда» газеті редакциясының ауыл шаруашылығы бөлімінде мал шаруашылығы секторын басқарады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Шығармашылығын өлеңмен бастаған ол прозада да қалам тартты. Отызыншы жылдардан бастап оның әңгімелері баспасөз беттерінде жарияланды.

 

1968 жылы «Жазушы» баспасынан «Тайна Паралона Крутихина» атты повесі мен әңгімелері жинағы жарыққа шықты.

Қызыл Жұлдыз орденімен және бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталған.

Шығармалары: Прииртышье. Стихи. А., ҚМКӘБ. 1954; Родничок. Стихи.А., ҚМКӘБ, 1956; Современник. Поэма, стихи. А., ҚМКӘБ, 1962; Тайна Паралона Крутихина. Повесть. А., «Жазушы», 1968; Сентябрь. Стихи. А., «Жазушы», 1980.

Автор
Мадияр