KZNews.kz
Шоу-бизнес

Семейде жүк вагоны рельстен шығып кетті

KZNEWS

Фото: 24.kz

ШҚО, BAQ.KZ. Жаңа Семей станциясында төрт жүк вагоны рельстен шығып кетті. Бұл туралы “ҚТЖ-Жүк тасымалдары” АҚ хабарлады.

"Оқиға кеше, 24 қараша күні сағат 16.30-да Жаңа Семей іріктеу станциясының жолдарында болды. Вагондардың рельстен шығып кетуіне желдің күшеюі себеп болған" - делінген хабарламада.

Анықталғандай, адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, компания оқиғаның пойыздың қозғалысына әсер етпегенін айтады. Вагондар релске қайта шығарылып, станция жұмысы әдеттегідей жалғасып жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
KZNEWS
Автордың басқа материалдары