Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Семейде аяғы ауыр әйел сұмдық жағдайды бастан кешірді

Семейде аяғы ауыр әйел сұмдық жағдайды бастан кешірді

Отыз үш жастағы жүкті әйелдің дене қызуы көтерілген. Ол дәрігер тағайындауынсыз дәрі ішіп, анафилактикалық шок болған

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Семейде жедел-жәрдем бригадасының дәрігерлері дәрі қабылдап, анафилактикалық шокты бастан кешірген әйелді аман алып қалды.

22 ақпан күні дәрігер Роман Мерибаев пен Ержан Мұратов жедел жәрдем шақырған үйге барды.

"Олар мекенжайға келгенде 33 жастағы жүкті әйел дәрігер тағайындауынсыз дене қызуын түсіретін дәрі қабылдағанын білген. Науқасқа III-IV дәрежесіндегі анафилактикалық шок диагнозы қойылды. Соның салдарынан тек жүкті әйелдің өміріне ғана емес, құрсағындағы балаға да қауіп төнді", - деп жазады Семей қалалық медициналық жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Yk-news аймақтық басылымы.

Жедел жәрдем бригадасының дер кезінде тиісті көмек көрсетуінің нәтижесінде болашақ ананың жағдайы қалыпқа келді. Ал 11 сағаттан кейін ол аман-есен ұл босанды.

Тағы оқыңыз: Аяғы ауыр әйелді үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті: оқиғаның мән-жайы

Дәрігерлер ана мен сәбидің жағдайы жақсы екенін айтып отыр. 


sputniknews.kz
Автор
Данияр