Министрлерді «бас ұстаз» деп атауға кім рұқсат берді? – тележүргізуші
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Селфи үшін пойыз төбесіне шыққан жасөспірім көз жұмды

Селфи үшін пойыз төбесіне шыққан жасөспірім көз жұмды

Әлеуметтік желіде селфи үшін пойыз төбесіне шығып, тоққа түсіп көз жұмған жасөспірім туралы видео тарады. Оқиға Таразда болған, деп хабарлайды kznews.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Жасөспірімнің оқиға орнында қаза болғаны хабарланды.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндіргендей, бұл дерек Тараз стансасындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

Факті Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-тармағы «Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан, темiржол көлiгi қозғалысы қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу» бойынша тіркелді.

Тергеу жүріп жатыр.

Полиция Қылмыстық-процессуалды кодекстің талаптарына сілтеме жасап, бұл іске қатысты өзге ақпаратты ұсынудан бас тартты.

Автор
Нұрсұлтан