Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сейдахмет соға жаздады. "Левски" өз алаңында ұпай жоғалтты

Сейдахмет соға жаздады. "Левски" өз алаңында ұпай жоғалтты

Бірнеше қауіпті соққыларымен көзге түскен Еркебұлан Сейдахмет алаңда 76 минут өткізді.

Қазақ футболшысы Еркебұлан Сейдахмет "Ботевке" қарсы өткен кездесуде "Левскидің" негізгі құрамында алаңға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаң иелері бірінші таймда пенальтиден есеп ашты: швейцариялық легионер Давиде Мариани көзге түсті. Алайда екінші таймда "Ботев" ойыншысы Кристиан Димитров есепті теңестірді.

Қонақтардың команда капитаны Лачезар Балтанов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылса да, "Левски" одан кейін жеңіс добын сала алмады: қорытынды есеп – 1:1.

Бірнеше қауіпті соққыларымен көзге түскен қазақ футболшысы Еркебұлан Сейдахмет алаңда 76 минут өткізіп, эстоняилық шабуылшы Богдан Ващукке ауыстырылды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


kaz.zakon.kz
Автор
Санжар