ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сегізінші қабаттан құлай жаздаған қыздың анасы оқиғадан кейін ауруханаға түскен

Сегізінші қабаттан құлай жаздаған қыздың анасы оқиғадан кейін ауруханаға түскен

Нұр-Сұлтанда сегізінші қабатта ілініп тұрған үш жасар қыздың оқиғасынан кейін оның анасының жағдайы нашарлап, жедел жәрдем алып кеткен, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы қызды құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев телеарнаға берген сұхбатында айтқан. Ол қыздың анасымен әлі кездеспегенін айтып, оның себебін түсіндірген.

"Бұл оқиғадан кейін қыздың анасы хабарласты. Алғыс айтты. Оқиғадан кейін жағдайы нашарлап, оны жедел жәрдем алып кеткен екен. Маған ауруханадан хабарласты, бірақ әлі кездескен жоқпыз", - деді Сәбит Шонтақбаев.

Еске салайық, оқиға 11 мамырда Нұр-Сұлтанда болған еді. Екі ер адам жұмысқа бара жатып, терезеде ілініп тұрған үш жасар қызды көрген. Сәбит Шонтақбаев пен Сағи Жылқышиев бірден ішке қарай жүгіріп, көрші үйдің терезесінен баланы қағып алған.
Автор
Айбар