Прагматикалық парадокс: солтүстіктегі мектептердің саны мен сапасы
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бүгін сегіз қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Бүгін сегіз қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Фото: Жасанды интеллект / Kznews.kz

Еліміздің бірнеше өңіріндегі ірі қалаларда бүгін ауаның сапасы төмендеуі ықтимал, деп хабарлайды Kznews.kz.

«Қазгидромет» таратқан мәліметке сәйкес, 19 наурызда Қостанай, Павлодар, Өскемен, Риддер, Орал, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін.

Мамандардың түсіндіруінше, мұндай жағдай атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әсер ететін қысқамерзімді табиғи факторлармен байланысты. Олардың қатарына тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия жатады.

Синоптиктердің айтуынша, осындай метеожағдай кезінде елдімекендерде ауа алмасуы баяулап, ластаушы қалдықтар тарамай, бір орында жиналып қалуы мүмкін. Соның салдарынан тұрғындар тыныс алатын ауаның сапасы уақытша нашарлайды.

Әсіресе, тыныс жолдарына қатысты созылмалы ауруы бар азаматтарға, балалар мен қарттарға сақтық шараларын күшейту ұсынылады.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер