KZNEWS.KZ
Қоғам

Шахтинскте алапат өртке себеп болған күдікті ұсталды

• Айжан Сыланова

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында пәтерге әдейі өрт қойған күдікті ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.

40 жастағы ер адам көпқабатты үйдегі пәтерде газ шығарып, кейін өрт тұтатқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер алдымен тұрғындарды эвакуациялап, артынша күдіктіні ұстауға кіріскен.

Жарылыс қаупіне қарамастан, тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, күдіктіні қолға түсірді. Өрт кезінде бес полиция қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазір күдікті медициналық мекемеде күзетпен жатыр. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →