KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Сәулекүл Сайлауқызы елшілік қызметінен босатылды

• Қайсар Қанат
Сәулекүл Сайлауқызы. Фото: ашық дереккөзден

Ақорданың мәліметінше, ол Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылған.

Сонымен қатар Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан да босатылды.

Тиісті шешім Мемлекет басшысының Жарлығымен қабылданған.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →