KZNews.kz
Әлем

Сауд Арабиясында педофил мен кісі өлтіруші өлім жазасына кесілді

KZNEWS

Сауд Арабиясында педофил мен кісі өлтіруші өлім жазасына кесілді, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының Джидда қаласында 4 наурызда педофил өлім жазасына кесілген. Бұл туралы осы елдің ІІМ хабарлады.

"Омар Әл-Баракат кәмелетке толмаған ұлдарды азғырғаны және ұрлағаны үшін, сондай-ақ, оларға жыныстық зорлық жасағаны үшін сотталды", - деді ведомство өкілі.

Сот оны өлім жазасына кескен. Сонымен қатар, Джидда қауіпсіздік қызметкерін өлтірді деп айыпталған Мұхаммед Файди де осындай жазаға кесілген.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары