«23 шілде күні сағат 21:00-де Сәтпаев қаласының полициясына Жезқазған қаласының тұрғыны бес жасар баласының (қыз бала) жоғалғанын айтып шағымданған. Сәтпаев қаласының күштік құрылымдары мен еріктілердің іздеуімен қыз бала көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден табылды. Бала қазіргі уақытта ауруханада тексерістен өтіп жатыр», – деп жазылған.Сонымен қоса, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Жанатай Сембеков күдіктінің ұсталғанын жеткізді.
«Дегенмен ондаған азамат күдіктіні өз қолына беруді талап етіп отыр. Тәртіпсіздік болған орында полицейлер жұмыс істеуде. Департамент тарапы қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қорғауға қажетті барлық шараны қабылдайды», – деді ресми уәкіл.Әкімдік елді арандатуға ермеуге үгіттеп бағуда. Қазіргі таңда қаладағы тәртіпті бақылауға Ұлттық гвардияның жасауылы жұмылдырылған. Өре түрегелген азаматтық және қоғам белсенділері «заң қуатына сенім сетінегенде ел айыптыларды өзінше жазалауды қолға алып, Халық соты алға шығатынын, бірақ мұның қауіпті екенін» айтады.