Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сатиралық парақшаның авторы екі айға қамауға алынды

Сатиралық парақшаның авторы екі айға қамауға алынды

Алматы соты QazNews24 сатиралық парақшаның авторы Темірлан Еңсебекті екі айға қамауға алды.  Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Белсендінің қамауға алынғанын адвокаты Жанара Балғабаева мәлімдеді.

"Бүгін сот отырысы өтті, бұлтартпау шарасы ретінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында екі айға қамауға алу ретінде белгіленді. Ол уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады", – деді ол.

Оның айтуынша, қорғаушы тарап сот үкіміне шағымданбақ.

Қылмыстық кодекске сәйкес "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бойынша оның кінәсі дәлелденсе, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін Алматы полиция департаменті желіде ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікпен қоғамдық парақша авторына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаған.

Автор
Данияр