«Әділет» съезінде тарихи шешім қабылданды: Amanat партиясын қосу мақұлданды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сәрсемәлиев сотында Ақбаян Мұқанғалиеваның тергеудегі жауабы жарияланды

Сәрсемәлиев сотында Ақбаян Мұқанғалиеваның тергеудегі жауабы жарияланды
ашық дереккөзден

Атырау облысында қайын жұртындағы төрт адамды өлтірді деп айыпталып жатқан Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесінде жаңа бейнематериалдар қаралды. Кезекті отырыста Ақбаян Мұқанғалиеваның тергеу кезінде берген жауабы көрсетілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Сотта айтылған мәліметке сәйкес, Ақбаян Мұқанғалиева психоневрологиялық диспансердің ақпараттық жүйесінде есепте тұрған. Қазіргі уақытта ол психиатриялық мекемеде ем қабылдап жатыр.

Жауап алу барысында әйелге отбасы, денсаулық жағдайы және оқиғаға қатысты бірқатар сұрақ қойылған.

"Мен басымды тексертіп, ем алдым. Түркияда күйеуім уақытша жұмыс істеді. Біз қонақүйде тұрдық. Мен көбіне ұйықтап жаттым. Телефоным болған жоқ, оны Сұлтан алып алған. Полиция мені және күйеуімді не үшін ұстағанын білмеймін. Менің ешқандай психикалық ауруым жоқ, мені психикалық орталыққа жатқызбаңыздар", – деп жауап бергенін судья оқып берді.

Бейнежазбада Мұқанғалиеваның кейбір сұрақтарға нақты жауап бере алмағаны байқалған. Сондай-ақ ол шаршағанын айтып, жекелеген сауалдарға жауап беруден бас тартқан.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер